Спорт

“Қауіпті топқа” жатқызылған балаларды бұқаралық спортқа тарту

Виктория Новиченко, Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектептің оқушысы.

-Бұл турнир жақсы өтіп жатыр. Мен спорттық шараларға үнемі қатысып тұрамын. Және қаламызда спортпен айналысатын жастар көп болса деймін.

Қаламызда түрлі мекемелерде ұжымдық, жанұялық спартакиадалар жиі өтіп тұрады. Бірақ көп жағдайда, тұрмыс жағдай төмен отбасыларынан шыққан балалар шет қалып жатады. Осыны алға тартқан жастар мәлихаты бұл жолғы спорттық шараны әлеуметті аз қамтылған және “қауіпті топқа” жатқызылған балаларға арнады. Олар осылайша аталмыш оқушылар қоғамдық шараларға, соның ішінде спортқа ерекше ден қойып, жаман әдеттерден аулақ болса дейді. Мәселен, Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектепте бүгінде 312 оқушы білім алады. 4 оқушының ата-аналары ішімдікке салынғандықтан, балалар “қауіпті топқа” жатқызылған. Бірақ балғындардың тәртібі жақсы дейді педагогтар.

Марина Коваленко, Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектептің әлеуметтік педагогы.

-Мен мектепте әлеуметтік педагог болып көп жыл еңбек етемін. Сонда байқағаным, “қауіпті топқа” жатқызылған балалардың ата-аналары балаларына мүлде көңіл аудармай, мейірімін сыйламайды. Олар кейде қоғамдық шараларға қатыспай тасада қалып жатады. Сондықтан мен олар үшін бағытталған осындай шараларды толығымен құптаймын.

Үстел теннисінің турниріне 12-ші, 14-ші мектептің оқушылары қатысты. Олар бірнеше командаға бөлініп, жарысқа түсті. Соңында жүлдеге ілікендері грамота, ал жеңімпаз құрама кубокка ие болды.

 

 

Берик Касен.