Балалар

Облыс орталығында шағын орталық ашылды

Екатерина Таранюк – ата-ана.

-Қызымды бос уақытты өткізу және дамыту орталығына әкеліп жүргеніме 1 ай болды. Көріп отырғандарыңыздай, мұнда бүлдіршіндеріміздің тәрбие алуларына мол мүмкіндік бар. Тәрбиешілері де сыпайы. Енді баламды алаңсыз осында қалдырамын.

Шынымен де бұл шағын-орталықта екі мен бес жасар аралығындағы бүлдіршіндердің жақсы тәрбие алуларына барлық жағдайдың барын аңғармау мүмкін емес. Қазірдің өзінде мұнда күн сайын 20 бүлдіршін келіп жүр. Мектепке дейінгі білім беретін орталық – балалардың ой-өрісін дамытуға көп көңіл бөлуде. Оған қосымша әр баламен жекелей логопед, дифектолог пен психолог мамандар жұмыс жасауда.

Евгений Самудинов – “Ваbу Тown” бос уақытты өткізу және дамыту орталығының жетекшісі.

-“Ваbу Тown” атты шағын-орталығымызды ашып жатырмыз. Бұл жерде балалардың ой-өрісін дамытып, мектепке даяр болып барулары үшін бар жағдай жасалған. Сондай-ақ ағылшын, қазақ тілін үйрететін мұғалімдер де бар.

Бұл оқуы орыс тілінде жүретін жеке меншік шағын-орталық – 40 орынға шақталған. Мерекелік шараға қалалық білім бөлімінің қызметкерлері де қатысты.

Гүлмира Кәрімова – Петропавл қаласының білім бөлімінің жетекшісі.

-Бүгінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мемлекеттен үлкен көңіл бөлініп отыр. Біздің қалада да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ашылып жатқан шағын-орталықтың жұмысына сәттілік тілеймін. Естуімше, орталықтың қызметкерлері өз ісінің білікті мамандары. Кішкентай бүлдіршіндерімізге жақсы тәлім-тәрбие береді деген сенімдемін.

Оған қоса орталықтың ауласында шағын алаңқай салынған. Айта кеткен жөн, шағын-орталық таңғы сағат сегізден кешкі сағат алты жарымға дейін жұмыс істейді.

 

 

Бакыт Садуакасов.