Билік

Облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтті

Антон Федяев – Тұрғынүй – коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы.

-Биыл өңірдегі жылу жүйелерін жөндеуге жалпы құны 11 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 8,1 милиларды, 2 – ші Петропавл жылу электр станциясындағы қондырғыларды жаңғыртуға бағытталған. 9 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы 5 – ін 2015 жылы жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қорда 171 мың тонна көмір бар.

Қазіргі таңда «Черемушки» ауданында «Интернационал» көшесіндегі 4 г мекен-жайы бойынша тұрғызылған жаңа үйге жалпы ұзындығы 463 метр болатын, жылу трассасы тартылып жатыр. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыстарды 1- ші қазанға дейін аяқтауды тапсырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Мен бұл нысанда болып жағдаймен таныстым. Екі ауысымдық жұмысқа көшу қажет. Бұл шаруаларды қадағалауды қала әкіміне тапсырамын. Ал жұмыстың орындалуына облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко жауапты.

Облыс әкімі тұрғын үйлерде жылу есептегіш құралдарын орнатуды қолға алуды тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 10 гектарды алып жатқан 2328 көл бар. Оның 384 – де балық шаруашылығын дамыған. Су қоймаларының тек 199 – ы ғана жалға беріліпті. Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Есіл және Шарық су тораптарына келесі жылы күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Аталған су тораптарының аппаттық жағдайда тұрғынына бірнеше жыл болды. Бұл қауіпті екені баршамызға белгілі. Сондықтан мәселені жіті қарастырып, келер жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз керек.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының орындалу барысы да қызу талқыға түсті. Үстіміздегі жылдың 9 айында 59,2 мың шаршы метр баспана тұрғызылған.

 

 

Самат Джакупов.