МТРА жаңалықтары

Еңбек күні қарсаңында сумен қамтушы кәсіпорынның қызметкерлері марапатталды

Серікбай Бекмағамбетов – “Қызылжар су” ЖШС бас энергетигінің орынбасары.

-“Қызылжар су” кәсіпорнында біраз уақыт жұмыс атқарып жатырмын. Қала әкіміне және директорымызға алғысымды білдіремін. Менің еңбегімді бағалағанына ризамын.

Кәсіпорында қызметкерлер үшін талапқа сай барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, зиянды жұмыс жағдайында істеп жатқан адамдарға айрықша көңіл бөлінеді.

Жеңіс Сұлтанов – “Қызылжар су” ЖШС бас директоры.

-Осы бүгінгі жоғары дәрежеге Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, еліміздің дамуының даңғыл жолында патриот әрі еңбексүйгіш солтүстікқазақстандықтардың да үлесін атап өткен жөн.

Мерекелі шара 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің өнерлі оқушыларынан құралған “Радуга” ансамблінің ән шашуына ұласты.

 

Сагыныш Маркашева.