Мәдениет

Республикалық «Бір ел-бір кітап-2014» акциясы қорытындыланды

Майра Әшімова – Сәбит Мұқанов атындығы облыстық кітапхананың бөлім жетекшісі.

-Акциямыздың аясында біздің жастарымыз, студенттер, мектеп оқушылары, қалымыздағы колледждердің студенттері жалпы оқырман қауым, Сайын Мұратбековтың шығармашылығымен танысуға үлкен мүмкіндік туды. Сол арқылы кітапханамыздың оқырмандар саны да өсті.

Сайын Мұратбековтың шығармашылығын қорытындылауға арналған ғылыми – тәжірбиелік конференция «Туған жердің адамгершілік бастаулары» деп аталды. Шараға қатысушылар жазушыны сан қырынан таныты.

Жазира Көкбас – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің оқытушысы.

-Сайын Мұратбековтың шығармашылығын басқа ақын жазушылардың шығармашылығынан ерекшелейтін болсақ, бұл кісінің «Ананың арманы», «Қылау», «Жусан исі» деген шығармаларын алып қарағанда негізінен, бұл шығармаларда бас кейіпкерлер балалар. Жастарға берер оның тәрбиелікте, рухани да пайдасы мол.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбеков – танымал туындылардың авторы. Конференцияға қатысушы Әйгерім Түгенбаева жиында жазушының «Ананың арманы» атты повестьін жатқа айтты.

Әйгерім Түгенбаева – СҚУ колледжінің студенті.

-Мен Сайын Мұратбековты шығармаларымен осы күнге дейін таныстым. Бұл повестьің негізгі тақырыбы ол ана мен ала арасындағы қарым – қатынас. Әзіресе аналардың балаларға деген сүйіспеншілігі туралы айтылады.

Жиында автордың шығармаларынан театрландырылған қойылым да көрсетілді.

 

 

Самат Джакупов.