Өнеркәсіп

Петропавл нан- тоқаш комбинаты құрылғыларын жаңартуда

Гүлфия Шарипова- «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС бас технологі.

-Ол құрылғының арқасында жасалатын жартылай даяр өнімдеріміз өз қалпын сақтап, дәмдік қасиетттерін жоғалтпайды. Олар – 18-22 градуста қатады. Соның арқасында сапалы болып дайындалады. Кейін пешке жөнелтіледі.

Мұндағылар 2011 жылдан бастап заманауи құрылғыларды алуды бастаған. Оған 4,5 млн евро қаржы жұмсалыпты. Жарты ғасырдан астам жұмыс істеп келе жатқан іргелі кәсіпорын бүгіндері нан-тоқаш өнімдерінің 50- ден астам түрін шығарады.

Вера Наумова- «Петропавл нан- тоқаш комбинаты» ЖШС компаниялар тобының қаржы директоры.

-Қазіргі күні біз күніне 30 мың тонна өнім шығарамыз. Бірақ біз тапсырыстар көлеміне қарай тауарларды шығарамыз. Кешке түскен өнімдерді сауда орындарына біздің машиналар таңғы 4-тен бастап тасымалдайды. Әрине кәсіпорында орын алған оң өзгерістер көз қуантады. Автоматтандырылған құрылғылар электр энергиясын үнемдеуге септесіп, өндіріс көлемін ұлғайтты.

Бүгіндері кәсіпорын даму жолына түскен. Қазір серіктестікте 300-ден астам адам еңбек етеді. Мұнда шығарылатын ас атасы барлық облыс тұрғындарын қамтамасыз етеді.

 

 

Магжан Ахмадина.