Спорт

Өңір педагогтары алғаш рет жүгіруден жарыс өткізді

Мархаба Қуантаева, “Өрлеу” БАҰО АҚ СҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары.

-Біз педагогтар қауымы өскелең ұрпақтың денсаулығына жауаптымыз. Сондықтан да біз осы шараны осы мақсатта ұйымдастырып отырмыз. Шараға педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтыныңы барлық ұжымы, университет студенттері қатысты.

Бұл сынды білім саласының қызметкерлері 400 метр қашықтыққа жүгіруден бастады. Мәре сызығын алғашқылардың бірі болып есепші Шынар Қасенова кесті.
Нәзік жанды қолы жұмыстан қалт еткен уақытта бір сәтке далаға шығып жүгіруді әдетке айналдырған. Ол адамның жасы ұлғайған сайын спортпен де жиірек айналысып тұру керек деген пікірді ұстанады.

Шынар Қасенова, “Өрлеу” БАҰО АҚ СҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының есепшісі.

-Мен бұл жарыста әсте бірінші орынға қол жеткіземін деп ойлаған жоқпын. Жарыс өз деңгейінде өтті. Маған өте ұнады. Алдағы уақытта денемді шынықтырып, осы сынды спорттық шараларға жиі қатысатын боламын.

Одан кейін 20-30 жас арасындағы үміткерлер жүгіруден сынға түсті. “Жас ұрпақ” жастар бастамалары орталығының президенті Гүлмира Еңсеғалиева топты жарып шығып, бірінші келді. Одан Жанерке Габдулина қалыс қалмады. Үздік 3-тікті Айнагүл Ғабдирова түйіндеді. Кейін жүгіру жолағына жігіттер шықты. 400 метр қашыққа жүгіруден Тагир Сагитов үздік атанды. Жарыс соңында жүлде иелері алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Берик Касен.