МТРА жаңалықтары

Облыс орталығындағы баспаналар күрделі жөндеуден өтуде

Елена Никитина – “Мира, 225” ПИК төрайымы.

-Жөндеу жұмыстары 1-ші шілдеден басталып кетті. Мердігерлерді өзіміз таңдадық. Төбені қысқа уақыттың ішінде жасап шықты. Қазір кәріздік құбырларды жөндеуде, дегенмен, дәретхана мен жылыту жүйесінің жағдайы көңіл көншітпейді. Бастапқыда бізді үйге келетін жылу құбырынан ағытқан болатын, қазір бұл жұмыс тоқтап тұр. Подъездегі терезелерді де дұрыс орнатпаған, баспалдақ алаңы әлі қалпына келтірілген жоқ.

Жақында бұл үйдегі жұмыстарды арнайы комиссия өкілдері бағалап кеткен. Мердігерлер барлық шаруаны қайта 15-ші қазанға дейін жасап шығуы тиіс. Біраз олқылық анықталғанымен, құрылысшылар өздеріне шаң жуытар емес, бұйыртса нысанды уақытында тапсыратындықтарын жеткізді.

Андрей Добош – “ДСК “Жилмассив” ЖШС.

-Шілде айынан бері шатырды ғана жасадық. Ал басқа жұмыстарды атқаруға ауа райы қолбайлау болып отыр. Үйді қазанның 15-і тапсырмақпыз. Қазіргі уақытта жұмысшылар кәріз жүйесін жаңасына ауыстырып, төбе мен еденге плита салып жатыр.

Жатақхананы күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 19 миллион 900 мың теңге бөлінген. Қомақты қаржы пәтер тұрғындарына 11 жылға бөлініп, ай сайынғы төлемдері 1200 теңгені құрады. Баспана иелері серіктестіктің ғимаратты уақытылы тапсыратынына сенімді. Өйтпеген жағдайда, олар мемлекеттік мекемелерге шағымданбақ.

 

Бақыт Сәдуақасов.