Білім

«Ер дәулеті- еңбек» атты облыстық конференция өтті

Евгений Купренков- Гуманитарлық- техникалық колледждің 1 курс студенті.

-Менің әкем «Мұнаймаш» АҚ станоктарды реттеуші болып еңбек етеді. Жалпы жұмыс өтілі 15 жыл. Ал атам «Поиск» кәсіпорынында еңбек етеді. Ол 6 разряды бар қырнаушы. Зауытта 60 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Сондықтан мен оқу бітіргенде бірден кеңсе қызметкері емес, жұмысшы мамандығына ден қойдым. Осы сала менің жаныма жақын. Үйрететін, жөн сілтер адамдар да бар.

Бүгіндері елімізде жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс жоғары. Сондықтан болар колледжде білім алатын әрбір студент теориямен бірге практиканы қатар ұштастыруы қажет. Бұл ретте оқу орны өңіріміздің түрлі кәсіпорындарымен әріптестік орнатқан.

Жасұлан Есентаев- Гуманитарлық- техникалық колледж директорының орынбасары.

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев дуалды оқыту жүйесіне көшу керектігін айтқан болатын. Оқу уақытының 60 пайызы практикаға арналуы қажет. Осы ретте біздің колледжбен зауыттар арасында әріптестік орнатылған. Ал осы конференция сол әріптестікті дамытып, одан әрі жалғастыруға бағытталып отыр.

Облыстық конференцияда қаладағы бірнеше зауыт өкілдері де қатысуда. Олар бүгіндері оқу орындарын тәмамдаған кей жастарға тәжірбиенің жетпей жататындығын айтады.

Владимир Бережной- “Киров атындағы зауыт” АҚ басқарушы әкімшілік директордың міндетін атқарушы.

-Теория жағынан алсақ, студенттер жақсы дайындалған. Ал тәжірибені тек бізге келгенде ғана жинайды. Сол жағы кішкене ақсап тұр. Десе де бізде жас мамандарға жақсы жағдай жасалған. Жатақахана беріледі.

Бүгіндері аталмыш оқу ордасында 1,5 мыңнан астам студент 16 мамандық бойынша білім алуда.

 

 

Магжан Ахмадина.