Мәдениет

Ержан Құлыбаев теріскейліктерді классикалық музыкаға бөледі

Кеште классика жанрының майталмандары, Лало, Сен Санс, Сарасете сынды әйгілі скрипкашы, композиторлардың туындылары орындалды. Жалпы дарын иесін сахнада жүрген әріптестері әлем таныған скрипкашы деп айтуға болады дейді.

Абзал Мұхитдин – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі.

-Болады әрине. Өйткені ол королева Елизаветан ІІ-ің алдында скрипкада ойнаған. Және де Аргентинадағы конкурста «Аргентинское тангоны» орындап бірінші орын алған. Енді Ержанды олар «Біздің қазағымыз» деп атайды.

Ержан заманымыздың атақты ұстаз-скрипкашыларының бірі Захар Броннан 10 жыл тәлім алған, көптен бері шетелде жаттығып жүр. Саңлақ скрипкашы әртістік деңгейдің шыңы болып табылатын Польшадағы Венявский атындағы күрделі байқаудың лауреаты атанған. Өнер майталманы петропавлдықтарды бір сәтке болса да әлем классикасына саяхат шеккізгендей болды. Ол сахнада ойнағанда халық тәмсанып, ұйып тыңдады.

Кеш аяқталғаннан кейін танымал аспапшыға облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан ықылас гүлі сыйланып, СҚО-тық мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы Рүстем Елубаев «Құттықтау хат» табыс етті.

Әлем сахналарын дүр сілкіндірген саңлақ скрипкашы бұл концерттен алдағы жоспарларым көп дейді.

Ержан Құлыбаев – скрипкашы.

-Өздеріңіз білетіндей бұл турне. Мен 22-і қыркүйек күні Көкшетау қаласында ойнағам. Бүгін міне Петропавлда да концертім сәтті өтті. 27-і күні Қарағандыда өнер көрсетемін. Одан кейін Өскеменге алғаш рет аттанбақпын. Ол қалада мүлдем болып көрмегем. Ол қалада мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің оркестрімен бірге өнер көрсетемін. Аталған оркестр туралы ештеңе естімеппін. Маған олармен бірге сахнада әріптестік жасау өте қызықты болады. Ал келесі айда Астана қаласында концерт өтеді.

Жалпы концерт талғампаз петропавлдық көрерменді ерекше әсерде қалдырып, аспапты музыканы сүйетін қауым кеш бағдарламасына лайықты бағасын берді.

-Концерт тамаша. Кереметтей жоғары деңгейде өтті. Мен музыкант ретінде барлық ноталарды жаттап алғанына өзім таң қалдым.

-Кәсіби шеберлік әрдайым байқалып тұрады. Бұл концертте шыныменде кәсіби шеберлер өнер көрсетті. Оркестр мен дирижер да тамаша ойнап шықты. Денені тітіркендіріп жіберді.

-Біз теріскейліктер тамаша кешке ризамыз. Қаламызға жиі келіп концерттік бағдарлама өткізіп тұрсын.

 

Риат Шони.