Мәдениет

Шығармашыл жанұя

Людмила Манзюк, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының суретші-бутафоры.

-Біздің жұмысымыз эскизден басталады. Сценограф бізге қажетті заттардың үлгілерін әкеледі. Сөйтіп, жұмысты бастаймыз. Бұл көп шыдамдылықты қажет етеді, жеңіл заттар мен қатар ауыр киімдерді де тігеміз. Өткен қойылымда қажетті бұйымдарды біз жасадық. Сөйтіп, актерлеріміз Қызылордада бірінші орын алды. Жұмысымызға бар ынтамызды саламыз. Сондықтан біздің қолымыздан шыққан заттар өз балаларымыз сияқты.

Бұл цехта Людмиламен бірге сәндеуші Серік Габбасов та еңбек етеді. Олар ерлі-зайыпты. Дәл осы театр екеуінің шаңырақ көтеруіне сеп болған. Бүгінгі күні шығармашыл жанұяның мұнда еңбек етіп жатқанына 12 жылдан асқан.

Людмила Манзюк, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының суретші-бутафоры.

-Біз бір-біріміздің ойымызды тез түсінеміз. Әр дайым көмектесіп отырамыз.Ақылдасып істеген іс адамзатқа қашанда жетістік әкеледі. Бұны біз әр дайым жадымызда ұстаймыз.

Шығармашылық отбасының көмегінсіз мұнда бір де бір қойлым сахналанбайды. Атқарылатын шаруаның көптігі оларды қорқытпайды, өйткені жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған дейді ерлі -зайыптылар.

Серік Габбасов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының суретші-сәндеуші.

-Мемлекеттің қолдауын сезінемін. Жалақы уақытылы беріліп отырады. Қажетті жабдықтарды да уақытылы аламыз.

Серік пен Людмиланың жасаған бұйымдары мына қоймада сақтаулы. Мұнда тұрмысқа қажетті заттардан бастап, өсімдіктер, қуыршақ, матадан жасалған палауды да көруге болады.
Людмила Манзюктің қолы қалт ете қалса, туған-туыстары мен достарына естелік сувинерлерді жасағанды ұнатады. Және шабыттанып кеткенде түрлі тақырыпта жыр жазады екен.

 

 

Бану Ахметова.