Қоғам

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

Жасұлан Ахметов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі.

-Жеке сектордың тек 15 пайызы ғана жылыту маусымына даяр. Пәтер иелері кооперативтерімен жұмыс жүргізілмейді. Кей баспаналардың жертөлелері мен шатырлары әлі жыртық-жамау күйде. Ертеңгі күні содан жылу босқа далаға кетіп жатады.

Бұдан кейін жиында 19 шағын аудан мен жұмысшы кентінен депутаттыққа сайланған Юрий Даниловтың есебі тыңдалды. Ол халық қалаулысы болып 1,5 жыл ғана еңбек етуде. Сол аралықта тұрғындардың бірталай бұйымтайларын шешуге ат салысыпты.

Юрий Данилов- қалалық мәслихат депутаты.

-Шеткері жатқан аудан тұрғындарын әсіресе жол мәселесі алаңдатады. Көп жерлерде әлі асфальт жоқ. Бұдан бөлек, жұмысшы кентіндегі кей көшелерде жарық болмай шықты. Петропавлдықтарды тағы қоғамдық көлікпен қамту мәселесі алаңдатады.

Халық қалаулылары көтерген соңғы мәселе – қаңғыбас ит, мысықтың жайы болды. Жиында көтерілген әр сауалға қатысты тиісті қаулылар қабылданды.

 

Магжан Ахмадина.