Қоғам

Петропавлда әлеуметтік маңызы бар нысандарға біртіндеп жылу беріліп жатыр

Мектеп әкімшілігі қысқы жылыту маусымына көктемнің соңғы айынан қамдана бастаған. Құбырларды жуып-шайып, техникалық құжатты маусым айында ресімдепті. Есесіне жылу да білім ошағына ерте беріліп отыр. Осы оқу жылында бұл мектепте жалпы саны 641 оқушы білім алуда.

Сайран Мұстафина, Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектептің директоры.

-Қазір кабинеттеріміз жылы. Кейбірінде 22 градус болса, енді бірінде 24 градусты көрсетіп тұр.

Ал, мынау “Алтын бесік” балабақшасы. Олар да биылғы жылыту маусымына ертеден қамданып, жылуды қыркүйектің 18-і алған. Бүгінде мұнда 300-ден астам балғын тәрбие алуда.

Александр Захарьян, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС бас инженері.

-Қазіргі таңда қаламызда 36 мектептің 40 пайызы, яғни 17-сі ғана орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылған. Сондай-ақ 27 балабақшаның барлығы да толығымен жылумен қамтылды. Петропавлда 30 аурухананың 14-іне жылу берілді.

Сондай-ақ бүгінде 1036 үйдің әзірге 4-еуіне жылу беріліпті.

 

Берик Касен.