Мәдениет

Петропавлда 2016 жылы Қазақстандағы орыс тілді театрларының алғашқы фестивальі өтеді деп жоспарлануда

Тимур Кәрімжанов – Н. Погодин атындағы орыс драма театырының көркемдік жетекшісі.

-Фестивальге негізінен жастар қатысты. Жеке басым мол әсер алып қайттым. Онда 10-нан аса спектакль қойылды. Олардың әрбіреуінің орны бөлек. Мәселен Тургеневтың “Нахлебник” атты спектаклі көңілімнен шықты. Қойлым таңдаулары, режисердің тынымсыз еңбегі, барлығы айқын көрініп тұрды. Нәтижесінде бұрыңғы театрмен бүгінгі театрды мүлдем салыстыруға болмайтындығын аңғардым.

Фестиваль форумға әлемнің 35 мемлекетінің әртістері жиналған. Олар әзара тәжірбие алмасты, шеберлік сыныптарын меңгерді. Николай Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Тимур Кәрімжанов байқауда өзінің жобасын да ұсынған.

Тимур Кәрімжанов – Н. Погодин атындағы орыс драма театырының көркемдік жетекшісі.

-Бүгінде мемлекетімізде 11 орыс тілді театр бар. Ресей Федерациясының театрлар одағының қайраткерлері театр сыншыларын бізге өзара тәжірбие алмасуға жіберуге әзір. Бұл біз үшін жақсы жоба болады деп санаймын. Нәтижесінде мәдени ошақтарымыз жоғары сатыға көтеріледі. Оның үстіне репертуар таңдауға да септігін тигізеді деген ойдамын.

Қазір жобаны жүзеге асыру – Тимур Кәрімжановтың алға қойып отырған басты мақсаты. Ол үшін арнайы құжат әзірленіп, облыстық мәдениет басқармасына жолданған. Әкімдік, министрлік тарапынан қолдау табылса, Қазақстандағы орыс тілді театр ұжымының фестивальі алғаш рет 2016 жылы Петропавл қаласында ұйымдастырылатын болады.

 

Самат Джакупов.