Құқық қорғау органдары

Өңірде “Нелегал – 2014” жедел алдын-алу шарасы жалғасуда

Еркетай Тұтқұшев – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы.

-Шараның басты мақсаты – облыста көші-қон заңнамасын бұзушыларға тосқауыл қойю. Біздің облыс Ресей Федерациясымен шекаралас болғандықтан, аталған акцияға шекара және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері де қатысып отыр.

Акцияға күнделікті 460-қа жуық ішкі істер органдарының қызметкері жұмылдырылады. Жалпы жыл басынан көші-қон заңнамасын бұзған 101 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 44-нің Қазақстан аумағында уақытша болу мерзімі аяқталған. Сондай-ақ жұмыс күшін заңсыз пайдаланған тағы 20 адам жазаға тартылмақ. “Нелегал -2014” жедал алдын алу шарасы қыркүйектің 26- на дейін жалғаспақ.

 

 

Самат Джакупов.