Билік

Облыс әкімінің Шал ақын және Тимирязев аудандарына жұмыс сапары

Николай Луговой – «Агросевер» ЖШС директоры.

-Жаңа қазандықтар зығыр сабанын жағудың арқасында жұмыс істейді. Бұрын кептіргіштер дизель отынымен жұмыс істейтін. Қазір үнемдеу байқалады. Бүгінгі күнге дейін 600 тонна арпа, рапс кептіріп үлгердік.

Ерік Сұлтанов серіктестік басшылығына жұмыс қарқынын күшейтіп, мал шаруашылығын дамытуды жүктеді. Шаруашылықта 440 бас қазақтың ақ бас сиыры бар. Оның 300-і биылғы жылы сатып алыныпты. Сондай-ақ, облыс әкімі «Повозочное – Баян-Архангелка» бағытындағы жолды жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысты. Ұзындығы 2,4 шақырымды алып жатқан учаскеде қалыпқа келтіру жұмысы тәжірибе жүзінде топырақты тұрақтандыру әдісімен арқылы жүзеге асырылуда.

Мердігер компания – «Петропавл Жолдары» фирмасы. Жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге бюджеттік қаражаттан бөлінген. Учаскені қазан айында тапсыру жоспарланып отыр. Аймақ басшысының аудан аграрийлерімен кездесуі барысында жол жағдайы талай рет көтерілген болатын. Өңір жетекшісі бұл мәселе алдағы бесжылдықта шешіледі деді. Орақ науқанына да тоқталған Ерік Сұлтанов диқандарға әр күнді тиімді пайдалануға кеңес берді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бүгінгі таңдағы өнім шығымдылығы өте жақсы. Орташа есеппен гектарынан 15 центнерден келуде. Мен биыл өткен жылдардағыдай өңірлік ішкі жалпы өнім көрсеткішінің 6 пайызға көтерілетініне сенімдімін. Бірақ, мал шаруашылығы туралы да ұмытпаған жөн. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та айтқан болатын.

Теріскейде ет пен сүт өндірісі де басты назарда. Ерік Сұлтанов аталған бағытта табысты әрекет ету үшін барлық жағдай бар екендігін атап өтті. Жалпы, бүгінге дейін Шал ақын ауданында барлық егіннің 61%-зы орылып, 62 мың га жердің дәнді дақылы соғылса, 74 мың тонна бидай мен 4 мың тонна майлы дақыл жинап алынған. Жанар-жағармай, өнімді қабылдау, кептіру және сақтау бойынша мәселе жоқ.

Аудан орталығы – Сергеевка қаласында болған облыс әкімі биылғы жылы ашылған «Тамшы» шағын орталығына барды. Онда 2 мен 5 жас аралығындағы 100 бала тәрбиеленуде. Ерік Сұлтанов «ТНС – 2020» ЖШС-нің дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жағдайымен де танысты. Қыс бойы мекеменің жұмысы жылу жүйесінің тартылмағандығынан тоқтап тұрған. Бұл жерде су жоқ. Дегенмен, мұнда ауданаралық және облыс деңгейіндегі спорттық шараларды ұйымдастыруға әбден болады. Облыс әкімі серіктестік директорына қысқа мерзім ішінде жылу жүйесін реттеп, кәріздік құбырларды тартып, әрлеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Бұл күні облыс әкімі Тимирязев ауданына да барды. Жарқын ауылында өңір жееткшісі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Ол ауылдықтардың өтінішімен салынуда. Жақында іргетасы құйылып, монтаж жұмыстары басталады. Оған қажетті материалдарды «Петропавл тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылғылар зауыты» жеткізген.

Азамат Бекқожинов – «Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты» ЖШС директорының орынбасары.

-Монтаж жұмыстары бір апта уақытты қажет етеді. Бұл – біздің облыс аумағындағы алғашқы нысанымыз. Алдағы уақытта басқа та тапсырыстар алуды жоспарлап отырмыз.

Дене шынықтыру және сауықтыру кешені мектептің аумағында салынып жатыр. Білім ордасында 83 бала оқиды. Тағы 20 бүлдіршін шағын орталыққа барады. Ауыл жастары талай рет футбол және волейбол бойынша аудандық, облыстық жарыстарға қатысқан. Сондықтан, дене шынықтырумен айналысуға мол мүмкіндік туғызатын нысанның ашылуын олар асыға күтуде. Облыс әкімі аудан аграрийлерімен де жолықты. Мұндағы алқап басында егін орағы қызу жүруде. Техника күні-түні танап басында. Биылғы жылы ауданда 196, 6 мың гектар аумаққа дәнді дақыл егілді. Бүгінде оның 50%-зы орылған. 77 мың тонна астық соғылды, сондай-ақ майлы дақылдар жиналуда. Астықтың орташа шығымдылығы – гектарынан 13,6 центнер. Аграрийлер өнімді уақытылы жинап алу үшін түрлі әдістер қолдануда.

Диқандармен әңгіме барысында облыс әкімі күзгі орақ науқаны жұмыстарының қарқынын тездетуді тапсырды.

Облыс әкімімен кездесуде Мичурино селолық округінің тұрғындары «Мичурино – Тимирязев» бағытындағы жолды жөндеу қажеттігін алға тартты. Ерік Сұлтанов бұл мәселе ендігі жылы шешілетінін жеткізді.

 

 

Материалды Қазақстан-Петропавл.