Спорт

20 студент өңір жетекшісінің шәкіртақысына ие болды

Руслан Есеналин – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

 

-Қазіргі таңда біздің облыста балаларды спортқа даярлайтын жаттықтырушылардың қатары аз. Сол себепті де біз облыс әкімінің бастамасымен қаладағы колледждердің бірінде қосымша спорт бойынша жаттықтырушы мамандығын аштық. Оған 50 студент қабылданды. 25-і қазақ тобында, қалған 25-і орыс тобында білім алады. Оқуға өңіріміздің спортшыларымен бірге Ақтөбе мен Қызылорда облысының студенттері қабылданды.

Кейін жиналғандар алдында өңірдегі спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер спортшылар мен бапкерлер сөз алды. Облыстың құрметті азаматы Жамбыл Тасеменов жастарға табыс тіледі.

Жамбыл Тасеменов – СҚО құрметті азаматы.

-Сендер біздің болашақ спортшыларымыздар.Сондықтан да сабақтарыңды жақсы оқып, спортта биіктерді бағындыра берулеріңе тілектеспін.

Енді студенттер 3 жыл бойына бапкерлік мамандығын меңгермек. Облыс әкімінің сертификатына ие болған спортшының бірі Сағдат Ахметов.

Сағдат Ахметов – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті.

-Облыс әкімінің шәкіртақысына ие болып жатқаныма қуаныштымын.Бұл бәріне беріле бермейтін мүмкіндік. Сенімді ақтауға бар күш-жігерімді саламын.

Айта кету керек, облыс әкімінің сертификатына ие болған 20 студент ай сайын 12 мың 500 теңгенің шәкіртақысына қосымша енді 20000 мың теңге алатын болады.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.