Білім

12 жылыдық білім беру жүйесінің артықшылықтары

Карина Сексенбаева- №2 Бескөл орта мектебінің 12 сынып оқушысы.

-Соңғы жылдары біз силабустармен айналысамыз. Әрбір оқушының өзінің бағдарламасы бар. Сол арқылы бізге не істеу керек, қандай тапсырмалар берілгенін біле аламыз. Жыл сайын жаңа оқулықтар келеді.

Карина келешекте аудармашы болуды армандайды. Жалпы 12-ші сыныпта білім алатын мұндағы барлық оқушылардың арманы асқақ. Балаларын осы білім беру жүйесі бойынша оқытуға берген ата- аналар да алғашында бұған сеніммен қараған. Қазір көзқарастары мүлдем өзгермепті.

Эльмира Темникова- ата- анна.

-Менің екі балам бар. 10-шы және 12 сыныптарда оқиды. Екеуін де осы бағдарлама бойынша оқуға бердім. Басында не үшін керек деген ой туды. Десе де қазір артықшылығын көріп отырмыз. Әр бала жеке айналысады. Бағдарламасы да қызықты.

Мұндағы бағалау жүйесі де жоғарғы оқу орындағыға ұқсайды. Қарапайым мектеп бағдарламасына қарағанда пәндер де өзгешерек.

Татьяна Отрутько- №2 Бескөл орта мектебі директорының орынбасары.

-Біздің мектеп жаратылыстану- математика бағытында білім береді. Ал енгізілген жаңа жүйеде социология, жобалау қызметі, экология сынды сабақтар енгізілді.

Бұл балалар шет тілі мен информатиканы бірінші сыныптан бастап оқыды. Аталған жүйе бойынша оқушыларға білім беретін ұстаздар қауымы да арнайы біліктілігін арттыру курстарынан үнемі өтіп тұрады.

Меңсұлу- Төребекова- Қызылжар ауданы білім бөлімінің әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі.

-Ұстаздар кембридждік бағдарламасы бойынша оқытылды. Үнемі біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады. Ендігі жылы бұл балалар оқуды аяқтайды. Жоспар бойынша 2015 жылы ауданда 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында 6 тірек мектеп анықталатын болады.

Мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Жаз мезгілінде білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оған 60 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Оқу ордасында пластикалық терезелер орнатылып, пандус жасалған.

 

 

Магжан Ахмадина.