Мәдениет

Петропавлда Ақмола облысының мәдениеті күндері аталып өтілді

Бану Ахметова, тілші.

-Мұндағы қойылған ең көне эспонаттардың бірі-Сырмақ. Ол “Бітпес” деп аталады. Мұны 1928 жылы қойдың жүнінен бастырып, қошқар мүйіз, өсімдік тәрізді оюлармен безендірген. Бұйымды қыз ұзату, қадірлі қонақ келгенде төсеген. Бұл сыйластық пен дәулеттілікті білдірген.

Көрмеге барлығы 45 жәдігер қойылды. Мұнда келгендерге әрбір бұйымның ерекшеліктері баяндалды.

Күміс Қасымбаева, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының этнографиялық бөлімінің ғылыми қызметкері.

-Киіз-кілемдердің үш түрі бар. Текемет, кілем, сырмақ. Олар ою-өрнектпен безендіріледі.

Бүгінгі күні Ақмола облысында 11 мұражай бар екен. Бір ғана өңірлік музейінде 78 мыңнан астам эспонттар сақтаулы. Ондағы бұйымдар 30-шы жылдардан бері жинақталып келеді. Ал бүгінгі көрмеге қойылған заттарды шетелден оралған қандастарымыз сыйға тартқан екен.

Кенжебай Мұқашев, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

-Бұл бұйымдардың қолөнер бұйымдарының ішінде алатын орны ерекше. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Бұл бұйымдарды біз бүкіл Қазақстанға насихаттап жүрміз.

Бүгінгі күні қол өнер бұйымдарының мұндай түрін жасау ұмытылып барады дейді көпті көрген қариялар. Сондықтан олар ата-бабаларымыздан қалған дәстүрді жастарымыз жалғастырса екен деп тілейді.

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі.

-Бұл тұнып тұрған тарих. Жастарымыз бұл бұйымдардың қалай жасалынатын білу керек.

“Кілемнің ғажайып оюлары” атты шара қарашаның 23-іне дейін жалғасады.

 

 

Бану Ахметова.