Балалар

Өңіріміздің белсенді жастары М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерімен кездесу-семинарын өткізді

Айымгүл Қадырменова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитеттің еріктісі.

-Біздің университетте төрағалар мен үйірмелерді студенттер басқарып отыр. Олар қоғамдық өмірге белсенді түрде араласады. Сондықтан бірінші курс студенттерін де оған тарту керекпіз.

Кездесуде студенттердің өзін-өзі басқара білуі де сөз болды. Бұл орайда жастарға үкімет тарапынан барлық жағдай жасалынып жатқандығы айтылды. Олар тек бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсе болғаны.

Ерлік Мұхамеджанов, “Қазақстан 2050” аймақтық жалпы ұлттық қозғалысының үйлестірушісі.

-Жоғарғы оқу орнына түскен 1-курс студенттері әлі өз бағытындағы жолды тапқан жоқ. Сондықтан бәріміз оларға бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Ол үшін мұндай семинарлардың берері мол.

Студенттер сондай-ақ, жоғарғы оқу ордаларындағы түрлі үйірмелер және көңілділер мен тапқырлар клубында өнерлерін көрсету мүмкіндіктері де бар. Бұл жайында жиналғандарға университеттің белсенді студенттері әңгімелеп берді. Осылайша кездесу көңілді әрі қызықты өтті. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар жоғарғы оқу ордасының өзге студенттерімен де осындай 5 шара өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Бану Ахметова.