Спорт

Өңір құтқарушылары өрт сөндіру-құтқару спортынан жарысқа түсті

Нұрлан Нүкішев – Петропавл қаласының мамандандырылған өртке сөндіру бөлімшесінің бастығы.

-Бұл сайысқа Петропавл қаласы мен аудандық өрт сөндіру бөлімдері қатысуға келіп отыр. Барлығы 18 командадан құралған 80-нен аса өрт сөндіру қызметкерлері. Бүгінгі жарыста өрт сөндірушілер жаттығу мұнарасында 2 тапсырманы орындайтын болады. Біз өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыстарды жылда өткіземіз. Бүгін жеңіске жеткен команда республикалық сайыста облыс намысын қорғайды.

Көп ұзамай құтқарушылар өз араларында тартысты бастап та кетті. Өрт сөндірушілер 2 түрлі тапсырманы мүлтіксіз орындаулары тиіс. Алғашында әр сайыскер үйдің 4 ші қабатына шабуылдау сатысымен көтерілулері қажет болатын. Нұрбек Бокушев Петропавл қаласының №3-ші өрт сөндіру бөлімінің намысын қорғауда. Жас құтқарушы таяуда өткен Талдықорған қаласындағы республикалық “өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша” жарысқа қатысып, жүлделі оралған.

Нұрбек Бокушев – Петропавл қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы.

-Осы спортпен айналысып жүргеніме бір жыл болды. Өте қызықты спорт. Өрт сөндіру-құтқару спорты деп аталады. Мен қазір осы спорт түрі бойынша облыстық құрама командада өзімнің өнерімді көрсетемін. Бүгін үздік уақытымды жаңартуға тырысамын. Осы жарыста тек бірінші орын алуға талпынамын.

Ал түс ауа өрт сөндірушілер жауынгерлік қанат жаюдан сынға түспек. Спартакиаданың нәтижесіне сәйкес 18 команданың арасында жеңімпаз атанған құтқарушыларға грамота мен ақшалай сыйақы табысталмақ.

 

 

Бакыт Садуакасов.