Ауыл шаруашылығы

Облыстағы элеваторлар астық қабылдап жатыр

Рустам Жанатаев – “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ҰК АҚ СҚО өкілдігінің директоры.

-Осы жылы азық-түлік келісім- шарт корпорациясы бидай мен арпаны сатып алу бағасын 3 пайызға көтеріп отыр. Бағаның көтерілуі – солтүстікқазақстандық тауар өндіушілер үшін үлкен қолдаудың бірі. Бұл өз кезегінде азық-түлік келісім шарт корпорациясына ырыс дәнін тапсыратын шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің саны көбейеді деген сенімдемін. Тағы бір ескертетініміз, агроқұрылым жетекшілері көктемгі дала жұмыстарына алған несиелерін қайтаруды естен шығармаған жөн.

Қазіргі таңда өңір шаруаларына қолайлы жағдай жасау қамында корпорация басшылығы шалғайда орналасқан Ақжар мен Ғ.Мүсірепов аудандарында өтініш білдіріп, келісім-шарт жасайтын өкілдер қарастырылған. Бұл диқандардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Рустам Жанатаев – “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК АҚ СҚО өкілдігінің директоры.

-Біздің корпорациямен алғашқы болып келісім-шарт жасасқан теріскей шаруалары 2 күн ішінде тапсырған астығының қаржысын алып үлгерді. Биылдан бастап азық-түлік келісім-шарт корпорациясымен келісімге отыратын өңір шаруалары үшін өтініш беру тәртібін жедел қарайтын болдық.

Әзірге, облыс аумағындағы астық қабылдайтын элеваторларға ырыс дәнін тапсыру жағы сылбыр жүруде. Дегенмен, шаруалар жайлап қарқын қосып келеді. Осы уақытқа дейін қаладағы астық қабылдайтын “Петропавл-Астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8000 мың тоннаның астығын қабылдап үлгерген.

Валерий Беляков – “ХПК Петропавл-Астық” ЖШС учаске басшысы.

-Элеватордың жалпы сыйымдылығы 78 мың тоннаны құрайды. Бүгінге дейін 8000 мың тоннадан артық ырыс дәні келіп түсті. Элеваторға әкелінген бидайдың ылғалдылығы жоғары. Біз астық әкелген жүк көліктерін күні-түні қабылдаймыз.

Айта кетелік, аталмыш элеватор күніне 600 тонна өнімді қабылдай алады.

 

 

Бакыт Садуакасов.