Өнеркәсіп

«Богатырский продукт» ЖШС қызметкерлерінің жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалған

Алена Глущак- «Богатырский продукт» ЖШС макарон цехінің меңгерушісі.

-Барлық жұмыс автоматтандырылған. Әрбір қондырғының қасында бір оператордан тұрады. Олар құралдардың жұмысын қадағалап, қаптамаларға салып тұрады. Мұнда жақсы жағдайлар жасалған. Сондықтан жұмыс істеген ұнайды.

Ал мынау кәсіпорынның шекілдеуік өндіретін цехы. Күнбағыс дәндері арнайы қаптамаларға салынғанша, бірнеше кезеңнен өткізіледі. Қоқыстардан тазартылып, жуылады. Кейін 165 градуста қуарылады. Серкістестікте аталмыш өнімді даярлауға қажетті 5 пеш жұмыс істейді.

Анатолий Лукашов- «Богатырский продукт» ЖШС директоры.

-Мұнда Қытайлық қондырғылар жайғастырылған. Оларды «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының көмегімен алдық. Біз алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп оытрмыз. Биылғы жылы мемлекет қолдауын пайдаланып, үлекен диірмен кешенінің құрылысын қолға алдық.

Бүгіндері «Богатырский продукт» ЖШС 70 адам еңбек етеді. Қызметкерлердің сапалы жұмыс жасауы үшін мұнда барлық жағдай қарастырылған. Серіктестік аумағында асхана бар. Кешенді түскі ас құнының 70 пайызын кәсіпорын өтейді. Бұдан бөлек жұмысшыларды 2 автобус мұнда жеткізіп, үйге апарады. Ал жыл сайын үздік танылған зауыт қызметкерлері Египет пен Түркияға демалуға барады екен. Қазір тағы зауыттықтардың спортпен айналысуына қажетті зал мен тынығатын бөлменің құрылысы жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Магжан Ахмадина.