Балалар

Кішкентай солтүстікқазақстандықтар 3 тілді қатар меңгеріп жүр

Гүлден Қожахметова.

-Менің атым- Гүлден. Мен 5 жастамын. Маған қазақ, ағылшын, орыс тілдерін оқыған ұнайды.

Сабақтар негізінен ойын формасында өтеді. Сондықтан болар балалар ерекше қызығушылықпен оқитын көрінеді.

Динара Иманбаирова- «Мирас» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

-Біз «Зерек бала» бағдарламасы бойынша балаларды оқытамыз.

Ал ағылшын тілін мұнда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өткен жылы келген жас маман- Күнсұлу Ілкенова оқытады. Балалар қазір шет тілде жануарлардың атын еркін айтып, өлеңдер оқиды.

Жалпы балабақшада 300 бала тәрбиеленеді. Солардың 80-і биылдан бастап шет тілді меңгеруді қолға алған.

 

 

Магжан Ахмадина.