Салық басқармасы

Елімізде қаржы және жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы жалғасуда

Юрий Белокопытов – Салық басқармасының бөлім жетекшісі.

-Заңдастыру акциясы 2015 жылдың 31 – ші желтоқсанына дейін жалғасады. Егер жерлестеріміздің шетелде дүние – мүліктері болатын болса, құжаттарын бізге тапсырғандары жөн. Себебі тапсырыс мерзімі келер жылдың 30- шы қарашасында аяқталатынын жариялаймыз.

Мамандар аталған акцияның берер пайдасы мол екендігін алға тартып отыр. Себебі заңдастырудың нәтижесінде ел экономикасына қыруар қаржы құйылмақ. Ал Солтүстік Қазақстаннан әзірге өтініш берген азаматтар әлі тіркелмеген.

Юрий Белокопытов – Салық басқармасының бөлім жетекшісі.

-Дүние мүлікті заңдастыру үшін өтінішті қазақ және орыс тілдерінде беру қажет. Сондай-ақ азаматтың шетелдегі меншігі, сол елдің ақшасымен бағаланса, ол қаражат көзі біздің төл теңгемізге ауыстырылатын болады.

Жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін түскен өтінішті салық органдарынан құралған арнайы коммисия мүшелері қарастырып,отыз күн ішінде тиісті шешімін шығарады.

 

 

Самат Джакупов.