Қоғам

Жаңа заң талқыланды

Осы орайда, қылмыстық іс жүргізу тәртібі түбегейлі өзгермек. Ендігі кезекте, аяушылыққа жол жоқ. Әр тұлға жасаған қылмысыңның деңгейіне қарай жазаға тартылады. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер барлық атақ, шенінен айырылып, мемлекеттік қызметпен біржолата қош айтысады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылықтың бірқатары қылмыстық іс жүргізу кодесіне ауыстырылды. Егер жол-көлік апатында адам қаза тапса, жүргізушіге “қасақана қылмыс жасады” деген айып тағылады. Ал, қазіргі қолданыстағы қылмыстық процессуалдық кодекс бойынша, айыпты мен жапа шеккендерге мәмілеге келуге мүмкіндік беріліп жүр.

Рауан Бостанов, СҚО прокуратура басқармасының прокуроры.

-Қылмыстық кодекске әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 40-тан астам заң бұзушылықтары енгізілді. Атап айтсақ, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар теріс іс әрекет жасады деп есептелінетін болады. Аталған кодекстерді жаңа жылдан бастап жұмысымызда қолданылатын болады.

Айта кету керек қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік кодекстері 1998 жылдан бері мұндай өзгеріске ұшраған жоқ-тын. Сондықтан жаңа заңмен өңір прокурорлары жіті танысуда. Және бұл жаңашылдықтың барлығы үшін тиімді екендігін айтуда.

Қонысбек Ыбраев, Петропавл қаласының прокуроры.

-Бұл заң күшіне енгенде біз оны қолдануға дайын отыруымыз керек. Сондықтан қазіргі күні барлық жерлерде осыны оқу-талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа заңдарды қалай өмірге енгізуіміз керек? Халыққа, қылмыстық істерді жүргізуге жеңілдіктер береді.

Оқыту жиынына аудандар да бейнебайланысқа шықты. Ал бұл жаңашылдық 2015 жылдың бірінші қаңтарында заңды күшіне енеді.

 

 

 

Бану Ахметова.