Қоғам

Зауыттағы жұмысты нәсіп еткен еңбек әулеті

Владимир Диденко – темір кесуші.

-Мен зауытқа 18 жасымда келдім. Бір жыл бойы қосалқы жұмыстарды атқарып жүрдім. Сосын станокқа ауыстым. Осында ертелі-кеш темір қиып, еңбек еттім. Жұмыс оңай емес. Десе де әбден үйреніп қалғаным соншалық, зейнетке шықсам да жастарға үйретуден жалықпаймын.

Жастар демекші, білікті маманның кеңесі ешқашан артық етпейді дейді Владимир Диденконың немересі Александр. Атасының жолын қуған ол іргелі кәсіпорында еңбек ететінін мақтан тұтады.

Александр Диденко – темір кесуші.

-Оқуымды аяқтаған соң атам осында келуге ұсыныс жасады. Бірден келістім. Қазір, міне, 5 жыл бойы бірге жұмыс жасап жүрміз.

Зауытта Владимир Диденконың тағы ұлы мен екінші немересі еңбек етеді. Жалпы мұндағы жұмысшылардың саны 800-ге жуық. Олардың орта жасы 35-тен 39-ға дейін. Инженерлік-техникалық саладағылардың дені – жастар.

Евгений Белоусов – “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ бас инженері.

-Жас мамандарды зауытта тұрақтандыру мақсатында басшылық тарапынан өндіріс корпусынан жатақхана жасау ұйғарылды. Бүгінге дейін жас отбасыларға арналған 60-қа жуық бөлме берілді. Яғни, зауытта жұмыс істейтіндер баспанаға мұқтаж болса, басшылық атына өтініш жазады. Келер жылы бұл көрсеткішті 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Зауыт еліміздің мұнай-газ, темір жол және әскери қорғаныс салалаларына қажет блоктардың корпустық жабдықтарын шығарады. Биыл олар 7 млрд. теңгенің өнімін жасауды межелеуде.

 

 

 

Данаш Хамзина.