Мәдениет

“Жапония халық ертегілері” атты иллюстрациялар көрмесі ашылды

Жібек Жүзенова – Облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері.

-Бұл жерде біздің көрермендеріміз жапон халқының мәдениетімен танысуларына мүмкіндік туып отыр. Тек қана иллюстрациялар ғана емес, бұл жерде жапон елшілігі демеу көрсетуімен өздерінің құндылықтарына арналған тарихи ескерткіштерінің, тарихи ғимараттарының шағын үлгілерін ұсынып отыр.

Көрмеге қойылған еңбектердің авторлары – елімізге танымал суретшілер. Олардың туындылары – Жапон халқының мәдениеті мен фольклорын ұғынудың нәтижесі ретінде дүниеген келген. Солардың арасындағы көзге бірден түсетіні – жапон халық ертегісінен алынған “мысық пен тостаған” жайында салынған сурет.

Марина Редькина – суретші.

-Менің жапон халқының ертегілерімен танысуым – “мысық және тостаған” ертегісінен бастау алды. Ол ертегі тауда өмір сүрген бір қарт кейуана жайында. Оның қымбат ыдысы болған екен. Ол тостағанды өз пайдасына жаратпай, тек мысығын тамақтандырып отырған. Ертегіні толық оқысымен ойымдағы бейнені қағаз бетіне түсірдім.

“Жапонияның халық ертегілері” көрмесі мұражайға келген қалалықтардың көңілінен шыққан.

-Өзім жапон елінің дәстүрлерінен хабардармын. Ертең иллюстрациялық көрмеге таныстарымды да ертіп келемін.

-Көрме көңілімнен шықты. Жапония елінің мәдениетімен танысуға мүмкіндік бар.

“Жапония халық ертегілері” иллюстрациялық көрмесі қазан айының 18-не дейін жалғаспақ.

 

Бакыт Садуакасов.