Спорт

“Қызыл-Жар СК” таза жеңістер сериясын жалғастыруда

Екібастұздықтар есепті теңестіруге аттанса да, шабуылдары сәтсіз болды. Сөйтіп бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді.

-«Қызыл-Жар СК» және “Екібастұз” арасындағы ойын тартысты өтіп жатыр. Әрине қарсыластарымыз кесте бойынша бізден бір саты жоғары тұр, алайда командадан жеңісті күтемін.

-Жергілікті «Қызыл-Жар СК» мен “Екібастұз” ойынының бірінші таймы қызықты өтті. Біздің жігіттер алғашқы таймды жақсы бастағанымен соңына қарай ойынды қарсыласқа беріп қойғандай болды. Келесі таймда командадан тартысты ойын күтеміз.

– Келесі таймда командамыз тағы бір гол соғу керек. Өткен кездесуде сырт алаңда дәл осы құраманы «Қызыл-Жар СК» ұтқан. Бүгінде жеңу керек.

Екінші тайм басталысымен қонақтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Үзілісте бапкердің берген кеңестерімен бірнеше тактикалық шабуылдар өткізді. Алайда Виталий Миллер оларға сыр бермеді. Алаң иелері қарымта шабуылдармен жауап қайтарып, 83 минутта Олександр Згура есепті еселей түсті.

Көп ұзамай төрешінің ысқырығы шалынды. «Қызыл-Жар СК» өз алаңында жанкүйерлерге тағыда бір қуаныш сыйлады . Қорытынды есеп 2-0. Бұл жеңістен кейін жерлес команда туринирлік кестеде 36 ұпаймен сегізінші орыннан 7-ге көтерілді.

Нұрсұлтан Нұржігіт – «Қызыл-Жар СК» командасының капитаны.

-Ең алдымен жанкүйерлерге осындай ауа райына қарамастан бізді қолдауға келгендері үшін алғыс айтамын. Ойын оңайға түскен жоқ. Қарсылас мықты. Алдыңғы кездесуде де осылай қиын болған. Ойынның басында гол соғып, өз қақпамызға жауап ала жаздадық. Бірақ жігіттер төзімділік танытты. Осымен 3-і ойын қатарынан қақпамызға гол өткізбей жеңіп келеміз.

Қарасай стадионындағы келесі кездесу қазанның 4-і күні сағат 15:00-де өтеді. Онда жергілікті команда туринирдің көсбасшысы «Оқжетпесті» қабылдайды.

 

 

Риат Шони.