Құқық қорғау органдары

“Парасатты полицей” байқауы өтті

Гариф Хамзаев- Петропавл қалалық ІІБ учаскелік инспекторы.

-Бұл байқау патриотизмді дамытып, қазақ тілін іште ғана емес, жан-жақты дамытуға септеседі. Сол үшін осы жарыс ұйымдастырылып жатыр. Көпетеген көрермен болады, солар да бізден үлгі алып мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойса жақсы болар еді.

Жалпы байқау 4 кезеңнен тұрады. Алғашқысы таныстыру болды. Екінші сайыста командалар қазылар алқасының назарына дайындап келген үй тапсырмасын көрсетті. Бұл жерде тәртіп сақшылары барын салуға тырысыпты. Біреулері ән-жырдан шашу шашса, енді біреулері Үнді фильмдерінен үзінді көрсетуде.

Әзірге сахнада қалалық ішкі істер басқармасының құрылымдары өнер көрсетуде. Кейін ауданнан келген құқық қорғаушылар жеңіс үшін тартысты бастамақ. Жалпы сайықа 23 құрама қатысуда.

Амангелді Бәкіров- М. Жұмабаев ауданының ІІБ учаскілік инспекторы.

-Мықты- мықты командалар қатысып жатыр. Қазір қалалық бөлімдердің ойынын байқадық. Бізде оларға жақсы қарсылас болардай өнер көрсетуді көздейміз.

Саян Райымбеков- Есіл ауданының ІІБ учаскілік инспекторы.

-Жақсы дайындалдық. Бірінші жыл емес, 2-3 жыл қатысып жатырмын.

Жеңімпаз атанған құрама өңір намысын байқаудың республикалық кезеңінде қорғайтын болады.

 

 

Магжан Ахмадина.