Қоғам

“Мерейлі отбасы” байқауының жүлдегерлері көлік кілттеріне ие болды

Ғалымбек Күшенов – Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

-Өте қуаныштымыз. Осы кісілер байқауға қатысып, жүлдегер болғандарына. Өзіміздің қызметкеріміз бар, Магомедов Имран. Біздің Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады. Жұмыста өте тәрбиелі, тәртіпті.

Темір жол вокзалына пойыз келіп тоқтасымен, жиналғандар байқау қатысушылары ағалы-інілі Руслан мен Салах Магомедовтар жанұясын құттықтады. Әулеттің үлкені Руслан Магомедов Елбасымен кездесуден мол әсер алғанын айтады.

Руслан Магомедов – “Мерейлі отбасы” жалпыұлттық республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары.

-Әрине, “Мерейлі отбасы” деген атақты алу тек қана ата-анаға байланысты емес, өз балаларыңа берген дұрыс тәрбиенің нәтижесі деп есептеймін. Ұяда не көрсе, соны ұғады балалар. Оларға жақсы тәрбие бердік деп есептеймін.

Үлкен ағасымен бірге оның інісі Салах Магомедов те Президенттің әр сөзін жадында сақтаған.

Салах Магомедов – “Мерейлі отбасы” жалпыұлттық республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әр өңірлерінен келген 16 жанұямен кездесіп, бізді әңгімеге тартты. Ол кісінің сөзінен-ақ, қаншалықты көреген басшы екендігі аңғарылып тұрды. Өзіме көп жылға жетерліктей бойыма-күш-қуат алдым. Оның біздің отбасымызға айтқан әр сөзі әлі есімде.

Ал келесі күні олардың ұлдары Имран мен Хасан Магомедовтар Елбасы сыйға тартқан автокөлікті Астана қаласынан өздері жүргізіп әкелді.

Хасан Магомедов.

-Бұл байқауға қатысу өз алдына, оған қоса Президентпен амандасу мен үшін ұмытылмас оқиға болды. Ол менің жұмысым жайлы сұрап, қызметіме сәттілік тіледі.

Жалпы бұл жанұяның ішкі істер органдарында жүргендеріне 70 жылдай болыпты. Олардың ұлы аталары Кодо Магомедов 1927 жылы қызмет басында жүріп қаза тапса, оның ұлы Харон Магомедов өмірінің 40 жылын қылмыспен күреске арнаған. Ал кейін Кодо Магомедовтың немерлері Руслан мен Салах қылмыстық атқару жүйесінде қызмет етіп, қазірде құрметті еңбек демалысында жүр. Осы күні бұл жолды ұлдары Имран мен Хасан жалғастыруда. Айта кету керек, “Мерейлі отбасы” жалпыұлттық республикалық байқауына еліміздің әр аймағынан 16 жанұя қатысқан еді. Олардың барлығына отандық “Нива” автокөлігінің кілті табысталды. Осы байқаудан оралған Магомедовтар отбасы өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен жанұя мәртебесін арттыруды әрі қарай жалғастыра бермек.

 

 

Бакыт Садуакасов.