МТРА жаңалықтары

Балаларға арналған ойын алаңқайы ашылды

Дмитрий Кан – «Вэлта» ЖШС директоры.

-Балаларға арнап алаңқай тұрғызу – облыс әкімінің ұсынысы болған еді. Өңір жетекшісі осы бағдарлама аясында бізге демеуші болуды өтінді. Біз облыс пен қала өміріне қатысуды міндет деп есептейміз.

Бұл алаңқайды көріктендіруге, сонымен қатар облыстық статистика департаменті мен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары да септескен. Аға буын өкілдері өздері тұратын үй ауласының адам танымастай өзгеріп, гүлденгеніне риза.

Зинаида Вязовая – «Океан» ПИК төрайымы.

-Осындай өзгерістерге өте қуаныштымыз. Қазір ауа райы қолайсыз болса да, жаңа алаңқай аулаға шыққандардың көңіл-күйін көтереді.

Жауын-шашынға қарамастан, аулада тұратын балалар алаңқайды құзықтаумен болды.

Петропавл қаласында жақын күндері осындай 16 балалар алаңқайын ашу жоспарланып отыр.

 

Сагыныш Маркашева.