Қоғам

Жастар жұмысшы мамандықтарды жарнамалауда

Ильдар Рахатов- жастар бастамалары орталығының белсендісі.

-Мен инженер- энергетик мамандығын насихаттап жүрмін. Жастарға парақшалар таратып, осы жұмыстың қыр- сырын түсіндірудемін. Парақшаларда тіпті қай оқу орнына түсуге болатындығы көрсетілген.

«Жұмысқа құлшыныспен аттынып, үйге мақтанышпен қайтамыз» атты акция бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бүгін жастар 9 мамандықты жарнамалап жүр.

Қуаныш Маметов- Жастар бастамалары орталығының сектор меңгерушісі.

-Бұл шара 30 қыркүйекте болатын Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Олардың қатарында дәнекерлеуші, қырнаушы, құрылысшы, энергетик және инженер сынды қызметтер бар.

Дәурен Жаңқабаев 2 курс студенті. Колледжде білім алатын жас ЖОО түсерде осы ақпарат керек болады дейді.

Дәурен Жаңқабаев- студент.

-Қай жерде оқу орнында сондай мамандықтарға оқуға түсуге болатындығы барлығын білдім. Әрине енді ойлап көремін. Келешекте алған ақпаратты керегіме жаратамын.

Жалпы акция аясында жастар 60 парақша таратқан.

 

 

Магжан Ахмадина.