Билік

Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында , бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз дамыған елдің негізі деп айтқан. Біздің міндетіміз ұлтаралық келісімді нығайтып, қоғамда тұрақтылықты сақтауда бірігіп еңбек ету.

Ағымдағы жылы өңірімізде есірткі бизнесіне қатысты 90 қылмыс тіркелсе, соның 38-і нашаны саудалауға қатысты. Заңсыз айналымнан 149 келіге жуық есірткі тәркіленген. Арасында жалпы салмағы 3 кг болатын героин де бар. Облыстық ІІД бастығы Берік Біләловтың мәліметінше, бүгінге дейін аймағымызда экстримистік және террористік бағыттағы қылмыстар тіркелмеген.

Берік Біләлов- СҚО ІІД бастығы.

-Жалпы діни заңнаманы бұзудың 13 фактісі тіркеліпті. 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек діни бағыттағы күмән тудыратын әдебиетті сатудың 4 фактісі орын алды. Бұл бағытта алдын-алу шаралары жүргізілді.

Осы ретте аймақ басшысы кей аудандарда жасалатын қылмыстар саны артты, олардың болдырмауда қолға алынған шаралар жайын сұрастырды.

Берік Біләлов- СҚО ІІД бастығы.

-Алаяқтық бойынша қылмыстар саны артып отыр. Адамдар көп жағдайда сенгіш келеді. Соны пайдаланатындар молынан. Тағы ұялы телефондарды ұрлау фактілері жиіліген. Қазір бұл бағытта мектеп инспекторларды да жақсы жұмыс атқаруда.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов тәртіп сақшыларына бұл бағыттардағы жұмыстарды жалғастыру керектігін айтты. Жиында сөз алған СҚО дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы – Нұрислам Ғабдулин жиналғандарды ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталды.

Қазіргі таңда ақпараттық-үгіт насихат топтары барлық аудандарда жұмыс істеп жатыр. Жастарға арналған түрлі кездесулер және арнайы семинарлар өткізіліп, теологтар, дін қызметкерлері теріс пиғылды ағымдар жайлы әңгімелеген. Бұл ретте кездесуге қатысушылар интернет ресурстарда берілетін ақпаратты таразылау керектігін айтты. Облыс әкімі оны да назардан тыс қалдырмай осы саладағы жұмыстарды да жөнге келтіруді тапсырды. Бұдан соң өңіріміздегі алкоголизммен күрес жайы сөз болды. Бүгіндері облыстық наркологиялық диспансерде 4 мыңнан астам жерлесіміз есепте тұрған көрінеді. Қазіргі таңда аймағымызда нарколог мамандардың тапшылығы да байқалады. Кей аудандарда, айталық, Тимирязев, Ақжар және Шал ақында мұндай ақ халаттылар тіптен болмай шықты.

Рашида Иванова- СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

-Наркрологиялық емдеу мекемелеріндегі басты мәселе – ол кадр жетіспеушілігі. Дәрігерлермен қамтамасыз ету қазіргі күні тек 30 пайыздан ғана асады. Мемлекеттік медициналық мекемелерде халыққа тек 21 нарколог дәрігер қызмет көрсетеді.

Жиын соңында өңір жетекшісі тиісті ведомство басшыларына кеңесте айтылған барлық ұсыныстарды қарастырып, қажетті шаралар қолдануды тапсырды.

 

 

 

Магжан Ахмадина.