Мәдениет

Тілдер мерекесіне арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Ернияз Сұлтанов – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастика бөлімінің жетекшісі.

-Өңірімізде 16-шы қыркүйек күні облыс әкімінің қатысуымен 16-шы облыстық тілдер фестивалінің ашылу салатанты өтті. Бұл салтанат барысында тілдер басқармасы көптеген шаралар өткізуде. Сонымен қатар облысымыздың мекеме кәсіпорындарында тілге қатысты іс-шаралар өткізіліп тұрады. Бүгін біз соның куәсі болып жатырмыз.

Әдеби-музыкалық кештің шымылдығын дәстүрлі ән орындаушы Біржан Есжанов ашты. Ол Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Кентау Назарбековтың “Үш бақытым” әнін домбырамен орындап берді.

Кейін жиналғандар университет пен колледж студенттерінің орындауындағы әндерді тыңдай алды. Өнер колледжінің 4 курс студенті Оралхан Дінмұхаммед Қожаберген жырау бабамыздың “Баба тілі” дастанынан үзінді оқып, тыңдарман қауымды ерекше үнімен тамсандырды.

Оралхан Дінмұхаммед – Өнер колледжінің студенті.

-Бұл менің алғаш қатысуым емес. Осыған дейін де осындай сайыстарға қатысқан едім. Біраз оқулар мен байқауларда бағымды сынадым. Өзіміздің қазақтың қара домалақ балалары қазақ бола тұрып орысша сөйлеуі осындайдан туып отыр. Сондықтан осыған орай жыл сайын қаншама жарыстар өткізіліп тұрады. Енді ғана қазақ тіліне мән беріліп келе жатыр.

Сондай-ақ шара барысында қазақ тілінен өзге орыс және неміс тілдерінде өлеңдер оқылып, танымал әндер орындалды.

Шараға қатысушылар “Тіл – мемлекеттің нышаны” атты кітаптар көрмесін де тамашалай алды.

 

 

Бакыт Садуакасов.