МТРА жаңалықтары

Сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау

Александр Верстаков -“Перфект” ақпараттық-құқықтық орталығының директоры.

-Соңғы уақытта сотталғандар және олардың ата-аналары түзету мекемелеріндегі дәрі-дәрмектердің мерзімінің өтіп кеткендігі және медициналық қызметтің дұрыс көрсетілмей жатқандығын айтып шағымдануда. Олар мемлекет тарапынан болатын қолдауды сезінуі керек. Денсаулық бірінші орында.

Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері арызданушыларға кеңес береді. Сонымен қатар құқыққорғау және қадағалаушы органдармен бірге тексерістер жүргізеді.

Александр Верстаков -“Перфект” ақпараттық-құқықтық орталығының директоры.

-Мақсатымыз қоғам осындай комссияның жұмыс істейтінін білу керек. Егерде азаматтардың құқтары ескерілмей жатса, бізден көмек сұрауларына болады. Олардың өтініштерін жерде қалдырмаймыз. Яғни тиісті шара қолданамыз.

Жиынға келген прокурорлардың айтуынша биылғы жылы заң жүзінде облыстағы түзету мекемелерінде сотталғандардың құқықтарының бұзылатындай ешқандай факті тіркелмепті.

Андрей Бессонов, СҚО прокуратурасының басқарма басшысы.

-Бізге сотталғандардан әр түрлі арыздар келіп түседі. Олар әкімшіліктің заңсыз әрекеттерін, қысым көрсетіп жатқандығына шағым айтады. Әр бір келіп түскен арыз жіті қаралып, шешім шығарылады. Әзірге ауыр қылмыстар жасалды дейтіндей фактілер тіркелген жоқ. Заң бәріне бірдей. Сондықтан оны қызметкерлер мен сотталғандар да сақтау керек.

Бұл мәселені шешу үшін қоғамдық бақылау комиссиясы құқыққорғау және қадағалаушы органдармен әрі қарай да қоян-қолтық жұмыс істеуді көздеп отыр.

 

 

Бану Ахметова.