МТРА жаңалықтары

Қорғаныс саласы қызметкерлерінің арасында тілдер фестивалі ұйымдастырылды

Ал Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері татар халқының атастыру дәстүрін саханалады.

Осылайша, қорғаныс саласының қызметкерлері елімізді мекендейтін ұлттардың тілінде сөйлеп, бірталай жұрттың тілін білудің маңыздылығын ашып берді. Кең дастархан жайылып, жиналғандар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Амина Шакабаева – Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің техникалық шаруашылық субьектілер бөлімшесі басшысының көмекшісі.

-Біздің аудандық бөлім тілдер фестиваліне жақсы дайындықпен келді. Көрермендер алдында татар халқының салт-дәстүрінен үзіндіні көрсеттік. Жарыста озып шығамыз деген үміттемін.

Жалпы әскерилер арасында ұйымдастырылып отырған тілдер фестиваліне Петропавл қаласы мен облыс аудандарының қорғаныс істері бөлімінің 6 командасы қатысуда. 3 кезеңді қамтыған фестивалде әр команда құрамында 10-12 қатысушыдан болды. Алғашында сайыскерлер өздерін таныстырса, екінші кезеңде салт-дәстүрден үзінді көрсетулері тиіс. Ал соңғысында үміткерлер ән шырқаудан шеберліктерін көрсетті.

Шара соңында жеңімпаз атанған командалар тұрмыстық техника және мақтау қағаздарымен марапатталды. Айта кеткен жөн, Қазақстан халқының тілдері күнін әскери сала мамандары өз ішінде мерекелеуді игі дәстүрге айналдырған.

 

 

Бакыт Садуакасов.