Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Долина канал” алдын-алу шарасы барысында гашиш тасымалдаған Ресей азаматы құрықталды

Ержан Мизамбаев – ҚР ІІМ көліктегі ІІД Петропавл станциясы желілік ішкі істер бөлімінің бастығы.

-Біз есірткі затын сақтау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 250-і бабы бойынша қылмыстық іс қозғадық. Қазіргі таңда тергеу істері жүріп жатыр.

Полицейлердің айтуынша құрықталған тұлға – Ресей Федерациясының азаматы. Красноярскіден Ростов-на-Донудағы өз ата-аналарына бара жатқан екен. Енді бұл жан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. Айта кету керек, бұл жыл басынан бері тіркелген алғашқы контрабандалық факт емес.

Ержан Мизамбаев – ҚР ІІМ көліктегі ІІД Петропавл станциясы желілік ішкі істер бөлімінің бастығы.

-Жыл басынан ішкі істер желілік бөлімінің мамандары есірткі бизнесіне қатысты 10 қылмыстық іс қозғады. Оның 3-і контрабанда болса, 4 факті есірткіні тарату және тағы 3-і есірткіні аса көп мөлешрде сақтауға қатысты.

Ержан Мизамбаевтың айтуы бойынша биыл аталмыш қылмыстардың саны артқан. Сол себепті де тәртіп сақшылары тексеріс шараларын жиі ұйымдастыруды көздеген.

 

 

Риат Шони.