Билік

Өңірімізге Словакия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі келді

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінуде. Бұл салаға жақсы инвестициялар құйылып жатыр. Машина жасау саласы да қарқынды дамып келеді.

Кейін сөз алған Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі өңірімізбен тиімді әріптестік орнатудың негізгі салалары жайлы сөз етті.

Петер Юза- Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

-Ең алдымен ол машина жасау саласы. Біз темір жол бағытында әріптестік орнатуға ниеттіміз. Ауыл шаруашылығымен қоса, мал шаруашылығын өркендетуге көңіл бөлмекпіз. Бұл екіжақққа да тиімді болады деген сенімдемін.

Осы ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов мал шаруашылығын дамытуға өңір шаруалары да құлықты екендігін айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Біз негізінен етті- сүтті бағыттағы ірі қараны алуды көздеп отырмыз. Семиннтал тұқымды сиырлар біздің ауа райына бейімделген. Асыл тұқымды малды алуға ниетті көптеген шаруа қожалықтары бар. Егер сіздерде сондай мүмкіндік болса, онда біз жұмыс жасауға дайынбыз.

Біздің өңірге дейін Павлодар облысында болған Словакиялықтар, ендігі кезекте Қарағандыға баруды көздеп отыр.

 

 

Магжан Ахмадина.