Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі келді

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Қазақстан тәуелсіздік алысымен, Германиямен байланысын жақсы жолға қойды. Екі ел арасында экономикалық, мәдени байланысымыз ұзақ жылдардан бері қарқынды дамып келеді.

Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Гидо Херц көптеген неміс кәсіпкерлерінің елімізбен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниеттерін жеткізді. Мейман германдық озық технологияларды пайдаланып, өңірдегі ауылшаруашылығы саласын жаңа белестерге шығаруға болатынын айтады.

Гидо Херц, Гермения Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі.

-Мұнда келердің алдында мен Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласының әлуетімен жіті таныстым. Және өзіміздің кәсіпкерлермен сөйлестім. Бұған дейін екі елдің арасында жақсы сауда байланыстары орнаған екен. Бүгінде Германияда Қазақстаннан көшіп келген 800 мың адам тұрып жатыр. Меніңше сол жандар екі жақтың қарым-қатынасын нығайтуға септеседі.

Біздің елімізде де 100-ден астам ұлттың өкілдері тұрып жатыр. Олардың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде деді аймақ басшысы Ерік Сұлтанов.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Облыстық ассамблеяда неміс орталығы жақсы жұмыс істейді. Соның арқасында қандастарыңыз өздерінің тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап келеді. Облысымыздың өзінде 21 мың неміс ұлтының өкілі тіркелген. Соңғы уақытта Германиядан келетін инвестиция көлемі артуда. Дегенмен соның қомақты бөлігі біздің өңірге бағытталса, жақсы болар еді.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов кездесу соңында мейманға “Қазақстанның ұлы жібек жолы” атты кітап табыс етті.

 

 

 

Бану Ахметова.