Қоғам

Облыстық прокуратураның алқа отырысы өтті

Алайда, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу ісі мардымсыз жүргізілуде. Бүгіндері ол тек 33 пайызды құрап отыр. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 13, ал өткен жылғымен салыстырғанда 21 пайызға төмен. Сөйтіп бүгіндері бұл сома 1 млрд. теңгеден асып жығылған.

Айдар Мұқанов-Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бөлім басшысы.

-Біздің ойымызша, құзырлы органдар осы бағыттағы жұмыстарды дұрыс атқармайды. Оның үстіне көп жағдайда қарызы бар кәсіпорындар ақшаның жоқтығын сылтаулатады. Бірақ айыппұл салынғандықтан, оны төлеу қажет. Өйткені бұл қаржы облыс, жалпы мемлекет қазынасын еселей түседі.

Әкімшілік айыппұлдарды төлеу көрсеткіші кеден және білім салаларында жоғары болса, монополистер мен салық органдарында ақсап тұрған көрінеді. Ал аудандарға келер болсақ, қарызды қайтару бойынша, Тайынша, Тимирязев, Жамбылдықтар көш басында келеді. Ақжар, Аққайың, М.Жұмабаев пен Петропавл қалалары керісінше, көш соңында қалған. Облыс прокуроры бұл қызметкерлердің жұмысқа салғырт қарауының салдары дейді.

Степан Зайтлер- СҚО прокуроры.

-Бұл қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің төмендігі емес, жұмысқа үстіртін қарауының салдары. Өйткені заңда барлығы анық жазылған. Сондықтан әріп танитын адам оны оқып, бұзбауы керек. Ал мына жерде бұл жапуапсыздықты көрсетеді.

Жиын соңында тиісті ведомство басшыларына қарызды өндіріп алу турасында ұсыныстар айтылып, ай сайынғы сараптама жүргізіліп отыру керектігі сөз болды.

 

 

Магжан Ахмадина.