Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де профессор Шаймұрат Смағұловтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-і шақырылымындағы депутаты. “Құрмет белгісі” және “Еңбек Қызыл Ту” ордендерімен марапатталған. Еңбек ардагері Нелли Иванова Шаймұрат Смағұловпен иық тіресіп 10-жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген. Бүгін ол жерлесімізді мейірімді, сегіз қырлы жан еді деп еске алды.

Нелли Иванова – Еңбек ардагері.

-Мен Шаймұрат Смағұловты комсомолдық шақтан білемін. Ол әрдайым белсенді, тек қана алға қарай ұмтылатын, бір жаңалық ашқысы кеп тұратын тұлға болған. Қол жеткізген жетістігін қанағат тұтып, тоқтап қалмайтын. Қартайған шағына қарамастан диссертациясын сәтті қорғап, экономика ғылымдарының кандитаты, кейін докторы болды. Міне осындай керемет адаммен иық тіресіп жұмыс істегеніме қуаныштымын.

Жерлесіміз 1959-1961 жылдары Лениндік коммунистік жастар одағының Полудинск аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар атақты тұлға өңіріміздің ауылшаруашылығында да еңбек етті. 1973-1978 жылдары СҚО-тық ауылшаруалығы басқарамасы бастығының орынбасары қызметінде болған. Ал 1998 жылдан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де ғылыммен айналысып, бірқатар жас мамандарды қанат қақтырды. Өмірінің соңғы жылдарын шәкірт тәрбиелеуге арнаған жерлесіміз 40 ғылыми жарияланым мен 4 монографиясын жазып үлгерді.

Валерия Кадочникова – Заң,тарих және экономика факультеті деканының орынбасары.

-Шаймұрат Смағұлов керемет педагог болатын. Бізге өзінің жинаған тәжірибесін, бар білгенін жеткізуге тырысты. Ол шынымен де ғалым болды. Ол көптеген теориялық концепцияларды білетін. Сол себепті де біз осындай дарынды, атақты тұлғаны құрмет тұтып, еске алып тұруымыз қажет.

Бүгін қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шаймұрат Смағұловтың құрметіне М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ің 6-ы оқу ғимаратында мемориалдық тақта ашылды.

Атақты тұлғаның жары Римма Ерманова мен ұлы Мұхтар Смағұлов осындай құрмет үшін жерлестеріне шексіз алғыстарын айтуда.

Мұхтар Смағұлов – Шаймұрат Смағұловтың ұлы.

-Бүгін біз барлығымыз бір адамның еңбегін барлық қоғам өкілдерінің бағалап, құрметтегеніне куә болып отырмыз. Мен әкемді осылай сыйлағандары үшін облыс, қала басшылығына және университет ұжымына алғысымды айтамын. Бұл біз үшін есте қаларлықтай ерекше күн.

Профессор Шаймұрат Смағұлов 2008-і жылы өмірден озса да, оның игі істері мәңгілік ел есінде болмақ.

 

 

Риат Шони.