Мәдениет

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры теріскейге гастрольдік сапармен келді

Аталмыш театр 22 қыркүйек күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасында өзінің гастрольдік сапарының шымылдығын драматург Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясымен ашпақ. Айта кету керек бұл қойылымда Баян сұлудың әкесі, бүкіл зұлымдықтың иесі Қарабайдың рөлін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сағат Жылгелдиев сомдайды.

Зауре Мурзалиева – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының орынбасары.

-Петропавлға келген себеміміз келер жылы театртың құрылғанына 70 жыл болады. Мерейтойдың алдында театрымыз Ғабеңнің атында болғандықтан, сол кісінің туған өңіріне гастрольдік сапармен келуді ұйғардық.

Сондай-ақ театр ұжымы кішкентай балаларды да назардан тыс қалдырмай, бүлдіршіндерге “Ер көжек” атты музыкалық ертегісін ала келіпті. Трагедиядан бөлек алматылық өнерпаздар Саид Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде” сахналамақ. Ал 24 қыркүйек күні Қалалық Мәдениет Үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың “Мен ұмытылмаймын” атты лирикалық драмасын жұртшылық назарына ұсынғалы отыр.

Зауре Мурзалиева – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының орынбасары.

-Үш спектакльдің ішіндегі “Мен ұмытылмаймынның” көктемде премьерасы болған. Жалпы бұл қойылым Мұқағали Мақатаев туралы. Ақиық ақынды білмейтін адам жоқ. Спектакльді Алматыда көрермендер жақсы қабылдаған, енді Петропавлдықтарда жақсы әсер алады деген ойдамын.

Айта кету керек теріскейде жүрген театр ұжымы 23 қыркүйек сағат 14-00-де Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында оқырмандармен, жалпы солтүстікқазақстандықтармен кездесу өткізеді. Ал алматылық өнер майталмандары Петропавл қаласынан кейін Павлодарға жол тартпақ.

 

 

Риат Шони.