МТРА жаңалықтары

Әйел азаматтар мен мүгедектерге қатысты еңбек шарттарының сақталуы нұротандықтардың бақылауында

Светлана Кашенцева- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ әйелдерді қолдау бағыты бойынша өңірлік кураторы.

-Мені денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер қызықтырды. Кәсіпорында медициналық пункт болмай шықты. Ол мұндай кәсіпорынға әрине керек-ақ. Алайда мекеме директоры оны ашу жоспарда бар деп айтты. Енді осы сауалды қадағалауға алатын боламыз.

Партиялықтар кәсіпорында тағы қандай проблема бар екендігін сұрастырды. Мекеме директорының айтуынша, бүгіндері мұнда білікті мамандар жетіспейтін көрінеді. Қазірдің өзінде серіктестікте 210 бос орын бар екен.

Наталья Посохина- «Әскери киімдер тігін фабрикасы» ЖШС директорының орынбасары.

-Жастар келіп сынақтан өтеді. Бірақ жұмыс істегілері келмейді. Жалақы көлемі жақсы. 40 мыңнан 170 мыңның аралығында. Қызметкерлердің еңбек етуі үшін жағдайлар жасалған.

Кәсіпорында үнемі қондырғылар жаңартылып отырады. Гүлстан Мұхаметалина тігіншілікпен 4 жыл айналысады. Ал фабрикаға жұмысқа орналасқанына 1 жыл болыпты.

Гүлстан Мұхаметалина- «Әскери киімдер тігін фабрикасы» ЖШС тігіншісі.

-Қазір медициналық халаттарды тігіп жатырмыз. Жасалған жұмысқа қарай жалақы аламыз. Егер тынбай еңбек етсең, әдеттегіден бірнеше есе көп ақша да алуға болады.

Бүгіндері кәсіпорында 85 адам еңбек етеді. Солардың 5-уі есту кемістігі бар мүгедек жандар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да ел қатарлы жұмыста жүріп тұру үшін жағдай жасалуы тиіс. Бұл мәселе қазір нұротандықтардың жіті бақылауына алынған.

Владислав Демьянов-облыс әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі.

-Өңіріміз бойынша 5 мыңнан астам мүгедек жан жұмыспен қамтылған. Еңбек шарттары сақталады. Көп жағдайда мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа сіңісіп кете алмайды. Міне осындай мәселе туындаған.

Нұротандықтар пішу цехының да жұмысымен танысты. Жалпы фабрика 80-нен 92-ге дейінгі қысқы және 130 комплект киім шығарады. Мұндағылар алдағы уақытта қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарына жіберуді көздеп отыр.

 

 

Магжан Ахмадина.