Спорт

Жастар ұйымдарының арасында шағын футболдан жарыс өтті

Данияр Әбутәліп – СҚО жастар бастамалары орталығының директоры.

 

-Бүгін жастар ұйымдарының арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырып жатырмыз. Турнир спартакиаданың аясында өтіп жатыр. Жалпы мұндағы мақсат – белсенді жастарды спортқа тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Жалпы жарыста 5 команда бақ таластыруда. Әр құраманың сапында 6 ойыншы бар.

Жанат Мухаметгалеев – Петропавл қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы.

-Сайысқа қатысатын командалардың арасында “СҚО-ның жастар мәслихаты”, “Жас Отан”, “Студенттер Альянсы”, “СҚО Жастар бастамалары орталығы” мен “Студенттер кәсіподағы” ұйымдарының өкілдері бар. Бәрі де белсенді жастар”.

Төрешінің ысқырығынан соң, “Жастар бастамалары орталығы” және “Студенттер кәсіподағы” ойынды бастап кетті. Екі жақ та ойын тізгінін өз қолдарына алу үшін бірден шабуылға кірісті. Сөйтіп, футболшылар бір-бірінің қақпаларының маңында қауіпті сәттерді туғызды. Алайда алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Бүгінгі ауа райы да аяқдопшылар үшін өзінің кедергісін тигізуде. Екінші таймда алаңға жаңа күшпен шыққан “СҚО Жастар бастамалары орталығының” ойыншысы Нұрлыбек Оспанов кездесудегі алғашқы голды соқты. Қарсылас қақпадан саңылау тапқан ол ойын соңында есепті еселей түсті.

Нұрлыбек Оспанов – “СҚО Жастар бастамалары орталығының” футболшысы.

-Сайыс өте жоғары дәрежеде өтті. Біз студенттер кәсіподағымен ойнадық. Ойын тартысты болды. Қарсылас мықты, алайда біз жеңіп шықтық.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медаль, кубок және де дипломдармен марапатталады.

 

 

Риат Шони.