Энергетика

Тұрғындар “Севказэнергосбыт” ЖШС-не 141 млн. теңге қарыз

– А где ваш сын?
-В командировке в Алматы.

Бұл үйдің тұрғындары жарық үшін 75 мың теңге берешек. Соңғы рет коммуналдық қызметтің ақысын өткен жылы төлеген. Олар соттың шешімімен жарықтан ажыратылса да, тоқ көзіне қайта қосылып алып, борышты қайтарғылары жоқ.

– Варианты какие? Либо вы сейчас оплачиваете, либо мы изымаем имущество!

Тұрғындар қарызды төлеуден бас тартты. Сондықтан, сот орындаушыларына олардың компьютерін тәркілеулеріне тура келді.

Ерлан Нұрмолдин, СҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы.

-Ноутбукті тәркіледік. Қарызгер борышын өтемеген жағдайда ол саудаға шығарылады. Бірінші кезекте, борышкердің әуелі жылжымалы, одан кейін жылжымайтын бүкіл мүлкіне тыйым салынып, оның жалақысы өндіріп алынады.

Компания қызметін тұтынушылар 141 млн. теңге қарыз, оның 81 млн. теңгесі пайдаланылған жарықтың құны. Бұдан серіктестіке үлкен шығын келеді екен.

Мағауия Сағандықов, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры.

-Электр энергиясынан ажыратылса да тоқ көзіне өздері заңсыз қайта қосылып алатын тұтынушылар бар. Мәселен, олар Бостандық көшесі, 22 мекен жайындағы 47-ші пәтер мен Мүсірепов көшесіндегі 13-а үйдегі 99-шы пәтердің тұрғындары.

Екі үйдің қарызын қосқанда жарты миллион теңгеден асады. Алайда, бұл пәтерлердің тұрғындары берешектерін төлеуге асығар емес.

Мағауия Сағандыков, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры.

-Қазір тиісті заңнамаға өзгертулер енгізіліп, енді мұндай азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғауға болады. Өйткені, олар қызмет ақысын жылдар бойы төлемей, бізге орасан шығын келтіреді.

Десе де, серіктестік қызметкерлері қаражаты жетпеген отбасыларға түсініспеншілік танытып, олардың өтініштерін жеке қарастырады екен.

 

Данаш Хамзина.