Билік

Облыс әкімінің Мамлют және Жамбыл аудандарына жұмыс сапары

Талғат Альжанов, «Белое Агро» ЖШС директоры, Мамлют ауданы.

-2012 жылы біздің шаруашылықта асыл тұқымды репродуктор құрылып, “Ангус” тұқымды 300 бас аналық мал әкелінді. Бүгінгі біздегі мал саны 500 басқа жетті.

Мына алқапта майлы зығыр өсіп тұр. Бұл – “Кулик” ЖШС жері. Астық пісіп қалды дейді диқандар. Шаруашылықтағы егістік 8 мың гектарды алып жатыр.

Мамлют ауданының еңбекқор азаматтарына орқаққа мықтап кірісуге жауын-шашын кедергі келтіруде. Күн жаңбырлы болғандықтан, жұмысты аз уақытқа тоқтатуға тура келген.

Ерік Сұлтанов Мамлют ауданының агроқұрылым басшыларымен кездесуде мал және өсімдік шаруашылығын дамытудың маңызын айтты. Бүгінде мемлекет тарапынан осы салаға зор қолдау көрсетіледі. Мал өсіргісі келген шалғайдағы шаруаға да кең мүмкіндіктер ашатын «Құлан», «Алтын-Асық», «Сыбаға» бағдарламалары бар. Өңір басшысы осы жобаларға ауыл азаматтарының қызығушылығын арттыру қажеттігіне тоқталды.

Ерік Сұлтанов Жамбыл ауданында да орақ қарқынын байқап, диқандармен кездесті. Агроқұрылым өкілдерімен әңгіме барысында облыс әкімі мал шаруашылығын өрістетуге екпін берді.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Мемлекеттен субсидия молынан бөлініп жатыр. 300 бас малың болса, оны сойғанда әр келісіне 220 теңгеден және бір литр сүтке 25 теңгеден ақша төленеді. Бұның бәрі шаруалар жыл он екі ай жұмыспен қамтылуы үшін жасалуда. Сондықтан, мал шаруашылығына ден қою қажет.

Сондай-ақ, облыс әкімі агроқұрылым өкілдерінен астықтың шығымдылығын сұрастырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Сол 5 мыңның бәрі егілді ғой?. Бәрі бидай ма? Арпа бар ма?

Керембай Қалиев – “Ақ жер” ЖШС атқарушы директоры.

-Бәрі егілді. Бидай, арпа, рапс, зығыр бар.

– Қаншадан көтеріп жатырсыздар?

– 14 пайыздан көтеріп жатырмыз.

– Әлі аздау екен.

– Жауын жауап кетті.

Өңір басшысы Жамбыл ауданындағы «Шатило и К» серіктестігіне де ат басын бұрды. Мұнда зығыр, рапс және мал азығы жиналуда.

Мына арпа алып жатқан жердің аумағы – 140 гектар. Шығымдылығы жақсы дейді диқандар. Бір гектардың өінмділігі орта есеппен 38 центнерден айналуда.

Виталий Шатило, «Шатило и К» ЖШС директоры.

-Орақ науқанын тиісті деңгейде атқару үшін қажетті құрылғылар, кептіргіш – барлығы бар. Жанар-жағармай да жеткілікті. Бір танапты жинап болдық. Желімтігі жеткілікті, натурасы бар. Бір егіс алқабынан гектарына шамамен 21 центнерден шықты. Жиын-терімге 22 комбайн кірістірілген. Бізге алдағы уақытта лизинг арқылы алынған 2 комбайн мен 5 Камаз келіп қосылады.

Егер ауа райы қолайлы болса, диқандар астықты түгелімен қазан айының басына дейін теріп аламыз деп отыр. Серіктестіктегі егіс алқабы барлығы 36 мың гектарды құрайды. Бүгінде оның 25 пайызы жиналған.

 

Данаш Хамзина.