Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Феликс Симге арналған мемориалдық тақта ашылды

Мүкарам Тайжанова- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры.

-Бұл ерекше кісі. Университеттің дамуы осы жанның атымен байланысты. Мен кезінде осы кісіден дәріс алғам. Ауызымыз ашылып соның айтқанын тыңдайтынбыз. Философиядан сабақ бергенде керемет түсіндіретін. Ол әрдайым есімізде.

Феликс Сим 50 жылға жуық уақыт аталмыш ЖОО қызмет атқарып, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнапты. 15 жыл бойы СҚМУ бірінші проректоры болып, 40-тан астам ғылыми жұмысты жарыққа шығарған.

Александр Никифоров- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, философия ғылымдарының докторы.

-Мен Феликс Алексеевич Симмен студенттік шақтан таныспын. Ол сол кездердің өзінде диалектика категориялары деген тақырыпта ұстазымен жинақ шығарды. Біз оның ғылыми жұмыстарын жақсы қабылдап, құмартып оқитынбыз. Кітапша біздің университетте әлі бар. Ол адамгершілігі мол, инаббаты кісі болатын.

Кездесуге жиналғандардың арасында Феликс Симнің отбасы мүшелері де болды. Олар оқу ордасының ұжымына әкелерін ұмытпай, үнемі еске алып, осындай құрмет көрсетіп жатқандарына өз алғыстарын білдіруде.

Сергей Сим- Ф. Симнің баласы.

-Бұл күн біз үшін ерекше болмақ. Университет ұжымы әкемізге арнап бүгін, міне мемориалдық тақта орнатты. Ол сыйластықтың, құрметтің белгісі деп білемін. Сондықтан, оқу ордасының барлық қызметкерлеріне алғыс айтамын.

Кейін жиналғандар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 2-корпусына орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуына куә болды.

Айта кету керек, университетте Феликс Симге арналған аудитория да бар.

 

 

Магжан Ахмадина.