Билік

Қазақстан халқы тілдерінің 16-ы облыстық фестивалі ашылды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-ҚР Президенті Н.Назарбаев билғы жылғы халыққа жолдауында “ешкім түзете алмайтын бір ақиқат бар ол – қазақ тілі. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналды деп мемлекеттік тілді мәңгілік елдің болашағымен салыстырды. Елімізде қазақ тілін дамытуда жағдай жасалып отыр. Бұл ұлт аралық келісіммен достықты нығайтудың Қазақстанда патриотизмді қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ерік Сұлтанов мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосқан облыстың бірқатар азаматтарына Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарын табыс етті. Еңбегі еленгендердің қатарында кедендік бақылау департаментінің жетекші маманы Елизавета Махначёва да бар.

Елизавета Махначёва – СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің жетекші маманы.

-Қазақстанның нағыз патриоты болу үшін ең алдымен мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтеу қажет. Өйткені Президентіміз бізді біріктіретін мемлекет тіл деп бекерден бекерге айтпаған. Біз әр ұлттың өкілі болсақ та тілегіміз бен мақсатымыз бір. Ол тәуелсіз елімізге адал еңбек ету.

ҚР Ұлттық ұланының әскери институтында 2-і курста тәлім алып жүрген Уәлихан Жаукенов қазақ, орыс және де ағылшын тілдерін жіті меңгеріпті. Бүгін курсант облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Уәлихан Жаукенов – ҚР ҰҰ Әскери институтының 2 курс курсанты.

-Біз тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Елбасы біздің мемлекетімізді алға тартып, экономикасын көтеріп, озық 30 елдің қатарына қосыламыз деп отырған жастарымыз ағылшын тілін білмесе қалай болады? – деп бізді ғылым мен білімнің тілі ағылшын тілін оқуға шақырады. Сондқтан да үш тілді меңгергеніміз өте дұрыс. Көп тілді меңгерген халық арқылы біздің еліміз бәсекеге қабілетті бола алады.

Сонымен қатар, аудандық ұйымдардың өкілдері де көшеметке бөленді. Мемлекеттік тілде құжат жүргізу жөнінен Есіл ауданы үздік деп танылды.

Айнагүл Бектасова – Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

-Біздің ауданда мемлекеттік тілді дамытуда көптеген істер атқарылады. Өткен жылы 2 млнан аса қаржыға мультимедиялық кабинет Бұл мемлкететтік қызметкерлерді одан әрі тілді оқуды қызықтыра түсті.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

 

 

Риат Шони.