МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Тілдарын-2014” қалалық байқауы өтті

Алтынай Сыздықова – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

-Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын жүзеге асыру көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында және тілдер фестивалі аясында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында біз бүгін “Тілдарын-2014” қалалық байқауын өткізіп отырмыз. Әрине байқаудың басты міндеттері Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Байқауға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан, 18 бен 30 жас аралығындағы кез-келген азамат қатыса алады. Жалпы сайыс төрт кезеңнен тұрады. Алғашқысы – “Тұсаукесер”.

Екінші кезең – алдын-ала берілген “Тілдердің үш тұғырлығы” тақырыбында эссе жазу. Сондай-ақ, талапкерлер белгілі-бір тақырыпта баспасөз мәслихатын өткізулері тиіс. Соңғысы – мәтінге ілеспе аударма жасау. Бүгінгі сайысқа қатысқан Әділхан Наурызбай ҚР-ы Ұлттық Ұланы әскери институтының намысын қорғамақшы.

Әділхан Наурызбай – ҚР ҰҰ әскери институтының 212-топ курсанты.

-Тіл қылыштан өткір дейді. Менің өз тілім мені ешқашан шетте қалдырған емес. Өз тіліме, ойыма сенемін. Жеңіске жетемін деген үмітім бар. Байқаудың жеңімпазы атанамын деген мақсатпен қатсып отырмын.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ал сайыста үздік атанған Нина Пасечник қыркүйектің 18-і қаланың намысын облыстық сайыста қорғайды.

 

 

Риат Шони.